Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

3 дүркін олимпиада чемпионы, 6 дүркін әлем чемпионының өлім құпиясы қашан анықталады?

17:40, 27 наурыз 2025 750

Осыдан жиырма күн бұрын Аңыз палуан Бувайсар Сайтиев қайтыс болған. Ол — үш дүркін Олимпиада чемпионы (1996, 2004, 2008) және алты дүркін әлем чемпионы.

Ресей күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили бұл ақпаратты сол кезде растады. Mash мәліметі бойынша, Сайтиевтің өкпе ауруын емдеу үшін қолданған дәрісі интоксикацияға әкеліп, соның салдарынан жүрек талмасы болған, деп жазады Alash.KZ.

Сайтиев 50 жасқа толғанына 9 күн қалғанда қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі — жүрек талмасы.

Сайтиев Мәскеудегі ауруханада көз жұмған. Оны үйінен опийден улану белгілерімен шамамен сағат 14:00-де ауруханаға жеткізген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, палуанның өкпе ауруы болған. Ол ауырсынуды басу үшін құрамында опиаттар бар дәрілерді қолданған. Өлім жүрек жеткіліксіздігінен, яғни интоксикация салдарынан болуы мүмкін.

2004 жылғы Олимпиада финалында Сайтиев Қазақстаннан шыққан Геннадий Лалиевты жеңіп, алтын медаль жеңіп алған болатын. Лалиев — Оңтүстік Осетиядан шыққан, кейін Қазақстан азаматтығын қабылдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар