Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

4-қабаттан құлап кетпек болған баланы құтқарып қалған батырдың анасына ұялы телефон сыйланды

08:32, 23 мамыр 2024 2211

Астана қаласындағы тұрғыү үйлердің бірінің 4-қабатынан құлап кетпек болған кішкентай баланы өз ерлігімен құтқарып қалған 7-сынып оқушысының анасына "Республика" партиясының атынан ұялы телефон сыйланды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Сіз нені армандайсыз?»,- деп сұрады Айдарбек Қожаназаров жақында жоғарғы қабаттан құлап бара жатқан баланы құтқарған он төрт жасар батырдан. «Анамның жаңа телефоны болса», - деп жауап берді Ақан.

"Республика" партиясының инстаграм парақшасындағы жазбада, Бүгін №31 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Ақан Әкімжанов Respublica партиясының елордалық кеңсесінде болғаны жазылды. Ата-анасы Зухра мен Асқар Әкімжановпен бірге ол партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаровпен кездесті.

Жетінші сынып оқушысы Астана қаласында болған қайғылы оқиғаның алдын алды. 20 мамырда елорда тұрғын үй кешендері бірінің ауласында алаңсыз ойнап жүрген балалар 4-қабаттағы балконнан шырылдап, қолы талғаннан құлай жаздап тұрған баланы көрді. Ойын балаларының арасында жүрген Ақан көп ойланбастан, көпқабатты үйге жүгіріп кіріп, баланы құтқарды.

Ерлігімен елді сүйсіндірген ер бала көпбалалы отбасынан шыққан екен. Кішкентайларға қамқорлық жасап дағдыланған ол сын сағат туған жағдайда оның бауырларына да басқа біреу жанашырлық танытып, көмектесер еді, дейді.

Партиялықтар Ақанға айпад сыйламақ болған еді. Енді оған қосып, батырымыздың анасына да жаңа телефон табыстайтын болды.

«Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі, дейді халық. Сіз жақсы ұл тәрбиеледіңіз, ол нағыз батыр болып ер жетті. Мейірімділік пен батылдық сияқты қасиеттер барынша кеңінен насихатталуы тиіс! Сізге және шаңырағыңызға амандық пен жарқын болашақ тілеймін!»- деді партия басшысы баланың ата-анасына ризашылығын білдіре отырып.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар