Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 күнде 5000 орыс

05:08, 28 қыркүйек 2022 177
Алматы әкімдігі мегаполиске 22-27 қыркүйек аралағында көрші елден 5066 Ресей азаматы келгенін мәлімдеді. Олардың 4172-сі қайта оралса, 894 адам қала аумағында қалған, деп хабарлайды Alash.kz.


Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бір аптаға жуық уақытта мегаполиске осынша ресейліктің келуі үлкен көрсеткіш емес. Сондай-ақ ол мемлекеттік мекемелер, оның ішінде көші-қон қызметі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.




"26 қыркүйекте ЖСН алуға 2070 шетелдік жүгінсе, келесі күні 1700 адам болды. Мегаполисте шетелдіктер саны артқан жағдайда азаматтарға кедергі келтірмейтіндей қызмет көрсету үшін қосымша орын бөлінеді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаладағы хостелдер мен жатақханаларда 1000-нан аса бос төсек орын бары анықталды. Қажет болған жағдайда 2000-ға жуық төсек орынды орналастыруға болады", — деді Арман Қырықбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар