Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көп үйдегі күйеу әйелдеріне ең қауіпті вирусты жұқтыруда

17:31, 26 қараша 2024 55

Қазіргі таңда көп еркектер жеңіл жүрісті қыздарға массаж алуға барып, әйелдеріне қауіпті вирус жұқтыратыны белгілі, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы журналист Айгерім Сейфолланың ютуб подкастында бірінші санаттағы акушер-гинеколог, президент әкімшілігінің медициналық орталығы ауруханасының консультациялық диагностикалық бөлімінің дәрігері Қалдыгүл Сейтбекова баяндады.

«Иммунитет жақсы болу үшін дәрумендерді жиі ішу керек. Вакцинациядан қашудың қажеті жоқ. Ешбір вакцинация бедеулікке әсер етпейді. Вакцинация алған соң да арқаны кеңге жаюға болмайды. Вирус иммунитеті төмен адамға тез тарап кетеді. Адам папилломасы - жыныстық жолмен берілетін аурулардың бірі. Оны тек ПТР арқылы ғана тексере аламыз. Вирус жасуша ішіне кіріп, өзіне ұқсас жасушаларды көбейтеді», - дейді ол.

Егер ағза мықты болса, вирус күресе алады.

«Кейінгі кезде бодимассаж деген көбейді. Көп жағдайда жігіттер солардан жұқтырып, әйелдеріне таратады. Ал 2-3 жыл тексерілмеген жағдайда жатыр обырына душар болып жатады», - дейді Қалдыгүл Сейтбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар