Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

6 айдан бері комада жатқан сарбаздың хәлі қалай? "Ұлттық Ұлан" қандай мәлімдеме жасады?

09:52, 23 тамыз 2024 363

Әскерде жүріп бас жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтар 6 айдан аса комада жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ. Бұл сұмдық жайт туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Ұлттық ұланның хабарлауынша, қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 440-бабы 4-тармағының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалған. Бұл жерде әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұза отырып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені мәселе болып отыр.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында. Қатардағы жауынгер Е.Мұхтардың ата-анасының талабы бойынша оңалту ем-шаралары аяқталғаннан кейін үйіне шығарылғанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемесі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери-медициналық басқармасымен бірлесіп оған мүгедектікті ресімдеу бойынша көмек көрсетеді», - делінген хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар