Абай облысында жол апаты болды. Оқыс оқиға 18 қазанда республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолында тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Тас жолда үш көлік соқтығысты, салдарынан 3 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов бар екені айтылды.
"Полиция департаменті марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Еске салсақ, көз жұмған полицей биылғы наурыз айында қылмыскерден пышақ жарақатын алып, қызды батылдықпен құтқарып қалған", – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.