Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Адамның бет-әлпетіне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды нақты анықтады": Блогер Сабина Мовлаева интим видеоның сараптама қорытындысын жариялады

11:27, 21 қараша 2024 234

Блогердің адвокаты жала жапқан кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылатынын айтты, деп жазады Alash.KZ.

“Мен өз сөзімде тұрдым. Өздеріңіз білесіздер, маған жала жабылды. Бүгін мемлекеттік экспертиза қорытындысы шықты", – деді блогер. 

Адвокат Есімбол Мамырхановтың сөзінше, портреттік сараптама қорытындысы видеодағы адамның Сабина емес екенін анықтаған.

“Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде интим және тіпті порнографиялық сипаттағы видео таратылып, салдарынан Сабина Мовлаеваны негізсіз айып тағылды. Қолымыздағы сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, видеода мүлдем басқа әйел тұр. Сарапшылар заманауи криминалистика әдістерін қолданып, адамның бет-әлпетіне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды нақты анықтады. Осы дерек бойынша біз полицияға жүгіндік. Қазіргі таңда жала жабу және порнографиялық материалдарды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді адвокат. 

Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар