Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адвокат жалдадым, заң бойынша жүремін: Хутор бандасының басшысы деп танылған Хасан ашуға мінді

08:38, 15 қазан 2024 1599

Хутор” банда тобының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

 

Stan.kz мәліметінше, Хутор ауылының үлкендері жиналып, Хасанға тағылған айыптың жалған екенін айтты.

“Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттағы Қасымбаев Хасан деген мен боламын. Талғарда болған қайғылы оқиға, Шерзат деген баланың қазасына, туған-туысқандарына, әке-шешесіне қайғырып көңіл айтамын. Әрине, қиын. Ешқайсымыздың басымызға бермесін. Мен де әкемін. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырмын.

Біздің отбасымызға да оңай болып тұрған жоқ. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпарат менің және отбасымның мазасын қашырды”, – деді ол.

Өз сөзінде Қасымбаев ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, қылмыскерлердің жазаға тартылатынына сенім білдірді. 

“Банда, ОПГ деп жатыр ондайға қатысым жоқ. Заң алдында проблема болмаған, сотталмағанмын. Әрине, інісі сотталған деп айтып жатыр. Інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқан тұлғалардың бәрін заң бойынша жауап беруін сұраймын. Мен туралы айтылып жатқан ақпарат көп, заң бойынша арыздарын жазсын. Қылмыскерлер ұсталып, заң бойынша жазаларын алады деп ойлаймын”, – деді ол үндеуінде. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?