Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ағайынды Назарбаевтардың Астанадағы "Жасыл" аралы кімге берілді?

16:27, 27 наурыз 2025 1751
 

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев аралының жаңа иесі туралы тың ақпарат пайда болды. Бұл туралы Orda.kz материалында айтылды, - деп жазады Alash.KZ.

«Жасыл» аралы Есіл ауданының Есіл өзені бойында орналасқан. Кейінгі 20 жыл бойы ол Нұрсұлтан мен Болат Назарбаевтың меншігінде болған. 

"2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өз үлесін ұлы Тауманға, ал Болат Назарбаев өз үлесін ұлы Нұрбол мен қызы Құндызға сыйға тартқан. Енді бұл жерлердің иесі өзгерді", - деп жазылған мәліметте.

2007 жылы әкімдік бұл жер телімін Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқан. 2009 жылы аралдың бір бөлігі экс елбасының інісі Болат Назарбаевқа өтті. 2010 жылдардың басынан бері арал тәулік бойы полиция күзетінде.

Жан-жағы үлкен қоршаумен қоршалған аумақта жеке үйлер, тікұшақ алаңы және жасанды орман бар.

"Арал әлі күнге дейін қатаң күзетте, бірақ экс-президент отбасы мүшелері онда тұрып жатқаны туралы ақпарат жоқ. Аралдың Назарбаевтар иемденбеген бөлігін ҚР Президент істері басқармасы иеленген", - деп жазылған мәліметте.

Дегенмен жақында аралдың бір бөлігі жаңа меншік иесіне өткен. Қоғамдық кадастр картасына сәйкес Құндыз және Нұрбол Назарбаевтардың үлестері енді «Smart Investment» ЖШС-на тиесілі.

Басылым мәліметінше, бұл компанияны «Байтау даму қоры» құрған, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың қорының құрылымына кіреді. 

"Осылайша жер телімі қайтадан Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалында қалған. Кадастрлық карта бойынша учаскенің қалған бөлігі жеке тұлғаға тиесілі. Оның кім екені белгісіз, бірақ бұл тұлға Тауман Назарбаев болуы мүмкін", - деп жазды басылым.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар