Қазақстан бойынша айт намазының кестесі жарияланды, деп хабарлайды мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған Alash.KZ.
"Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 30 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады", - делінген ҚМДБ хабарламасында.
Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылды. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін қарсы алды.