Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлемде өршіген тағы бір індет. Тырысқақпен ауырғандар саны артты

15:03, 19 қазан 2024 751

Қыркүйек айында тырысқақпен 47 мыңнан астам адам ауырып, 580-нен астамы қайтыс болған. Бұл туралы Нигер мен Таиландта тіркелген ауру ошақтарына назар аударған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хабарлады, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы  ТАСС-қа сілтеп.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, қыркүйекте ДДСҰ-ның үш аймағындағы 14 елде 47 234 тырысқақ ауруы және 583 өлім тіркелген. Тамыз айымен салыстырғанда осы айда жұқтыру көрсеткіші 15%-ға азайғанымен, өлім көрсеткіші 89%-ға өсті. Ауғанстанда тамыз айында 17856 адам, Суданда – 15047, Пәкістанда – 5521, Нигерияда – 3615, Йеменде – 2706 адам ауырған.

1 қаңтар мен 29 қыркүйек аралығында дүниежүзінде 439 724 адам тырысқақпен ауырып, осы аурудан 3 432 адам қайтыс болды. Ауру ошағы әсіресе Шығыс Жерорта теңізі аймағында және Африкадада тіркелді. Жыл басынан бері Ауғанстанда 140 мыңнан астам, Пәкістанда 60 мыңнан астам, Йеменде 36 мыңнан астам, Конго Демократиялық Республикасында 25 мыңнан астам, Эфиопияда 24 мыңға жуық жағдай тіркелді.

Тырысқақ – тырысқақ вибрионынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру қоздырғышы ағзаға ластанған тамақпен немесе сумен түскенде пайда болады.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?