Алматылық оқушы наурыз ҰБТ-сынан 140 балл жинап, биылғы жылдың рекордын жасады, деп жазады Alash.KZ.
Қуанышты жаңалықты қазақ еліне "Juz40" оқыту орталығы хабарлады.
Қуандық Санжар барша мұғалімдеріне алғыс айтты. Ең қызығы, 3 күн бұрын да өзіне сенімді болған екен.
Желі қолданушылары:
“Кеше Қадір түнінде әбден сыйынып шыққан болар. Не де болса, еңбегі ақталыпты. Балама жолын берсін. Көзіме қатты жас келді”, - деп пікір білдіруде.