«Жастық шақ», «Қызыл көлім-көркемім», «Тал бесігім-Теріскей», «Соңғы қоңырау» т.б. әндері орындалып жүр.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Алматы қаласында өткен фестивальде «Жастық шақ» атты әні 2016 жылдың «Ең таңдаулы әні» номинациясына ие болды.
Балалар үйі өмірінен алынған «Қара мең» атты драмасы 2008 жылы өткізілген Республикалық «Жаңа драматургия» фестивалінде жүлдегер атанып, ең үздік пьесалар топтастырылған «Ұшқын» (Нұрлы әлем, Алматы 2009) атты жинаққа енген. Имандылық тақырыбында жазылған «Жұмаққа жетелер жол» атты пьесасы 2012 жылы өткізілген «Тәуелсіздік тұғырым» атты Республикалық байқауда бас жүлдеге ие болып, «Тәуелсіздік тұғырым» («Әсем» жарнама студиясы, Шымкент 2013) атты пьесалар жинағына енген
Діни экстремизм және лаңкестік туралы жазылған «Қара мең», Жұмаққа жетелер жол» «Тағдыр тәлкегі», «Неге?», «Жихад» атты драмалары облыстық және қалалық театрларда сахналанған. 2019 жылы республика бойынша пьесалары ең көп сахналанған драматург атанды.
2020 жылы 1 маусым күні Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің ұйымдастыруымен «Коронавирус» атты драмасы республикамызда алғаш рет ZOOM платформасында көрерменге ұсынылды. Зейнеткер ұстаз. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Қ.Р Мәдениет саласының үздігі. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.