Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өскенбаев кетті, қиындығы қалды

05:48, 20 қараша 2023 170

Экс-министр Өскенбаевтың бұйрығының кесірінен 6 мың тасымалдаушының жұмысы қиындаған. Бұйрықтағы жаңа ережелер кәсіпкерлердің жұмысына қалай әсер ететіні алдын ала талданбай қабылданған.




Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығы зерделенгенін, оған халықаралық автомобиль тасымалдарын реттеу саласындағы актілерге түзетулер енгізілгенін хабарлады деп жазды Ұлыс-медиа.




Ол кезде министр қызметін Қайырбек Өскенбаев атқарған.
– Өзгерістер тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат алу, автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларының қолдану мерзімдері бойынша талаптарды күшейтті. Жалпы алғанда 6 мыңға жуық отандық тасымалдаушының жағдайын нашарлататын жағдайлар жасады. Бұл – министрліктің бұйрықты құқықтық инновациялардың халықаралық тасымалдаушылар мәртебесіне түсетін кәсіпкерлердің қызметіне қалай әсер ететінін міндетті түрде алдын ала талдаусыз қабылдағанының салдары, - деп хабарлады прокуратура.

Осыған байланысты жаңа көлік министрлігінің алдына осы мәселені реттеу міндеті қойылды.

Хабарламада айтылғандай, бұйрықтан артық құжаттар мен тасымалдаушылар ұсынатын мәліметтерді алып тастауды көздейтін жаңа түзетулер әзірленген.

Қайырбек Өскенбаев 2022 жылдың 11 қаңтарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды. Ол бір жылға жуық жұмыс істеді. 2023 жылдың 4 қаңтарында қызметінен кетті.

2023 жылдың қыркүйегінде Көлік және өнеркәсіп министрлігі құрылды. Оны Қайрат Шарлапаев басқарады.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар