Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иттік жасадым. Әкесі оңбағандық істеді: Блогер жылап күйеуі туралы бар шындықты айтты

17:15, 19 қараша 2024 5

Жаным, баклажаным” лақап атымен танылған блогер Айдын Тоқсанбаева өмірдегі өкінішімен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұрынғы ажырасып кеткен жұбайы баласының басқа елдерге шығуға рұқсат қағазын бермеген. Сол себепті баласы бауырларымен бірге ұша алмайды екен.

“Шетелде жүрген адам ғана түсінер. Сонша жүріп барлық құжатты бітірдім дегенде сенің өміріңде жоқ адамның рұқсат қағазын сұрайтынын білмедім. Елден кеткенімізге екі жыл болып еді. Сонша күйіп, пісіп, ашуланып, иттік жасап, ақыры ұтылдым. Бір жапырақ әке сымақтың рұқсатын ала алмағандықтан бір балам АҚШ-тан басқа елге шыға алмайтын болды. Тіпті, Қазақстанға бара алмайтынын түсінбейді. Құжат үшін бұрынғыны еске алып, біреудін жырын жариялау – оңбағандық. Бірақ үміт болды. Өмір сүруді жалғастырамыз. Ұлым 14 жасқа келгенде не үшін шетелге шыға алмайтынын түсіндірермін”, – деп жазды блогер. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар