Ұлыбританияда сүйіктісінің қабірінің басында қайғырып отырған әйелді зорлаған белгісіз адамды іздеу басталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сексуалдық шабуыл Кент графтығындағы зиратта бір апта бұрын болған, бірақ бұл туралы полицияға бірден хабарланбаған.
“Әйелдің Черч-стритке жақын орналасқан зиратқа барғанда белгісіз ер адамның тарапынан физикалық және сексуалдық зорлық көргені хабарланды. Оқиға 9 қараша, сенбі күні сағат 21:00 мен 21:30 аралығында болған. Күдікті ұзын бойлы, арықша келген адам ретінде сипатталды. Оның үстінде, мүмкін, теріден жасалған капюшоны бар пальто болған”, – деді Кент полициясының өкілі.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама, бейнебақылау жазбаларын тексеру және тұрғын үйлерді аралау сияқты тергеу шараларын жалғастыруда.
Полиция осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдарды хабарласуға шақырды.