Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анасы телефонын тартып алғаннан кейін 9-сынып оқушысы асылып қалды

12:39, 30 сәуір 2024 1102

9-сынып оқушы суицид жасады. Қайғылы оқиға 24 сәуір күні Ақтөбе облысы Қарғалы ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында болды.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасы мәлімдеді. Оқушының денесі сол күні кешкі уақытта сарайда асылып қалған күйде табылды.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы жасөспірімнің анасымен арада сөзге келу жағдайы болғанын айтты. 

“Мектеп директорының аудандық білім бөліміне  жіберген хабарламасы бойынша бала таңертең анасымен сөзге келіп, анасы телефонын алып қойған. Анасының айтуынша соңғы екі күн көп ұйықтайтын болған, телефонда көп уақыт өткізген, ол туралы анасы ешкімге айтпаған”,- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы. 

Толыққанды отбасыда тәрбиеленген оқушының неліктен бұндай қадамға барғанын полиция толық зерттеп жатыр. 

“24 сәуір күні кешкілік уақытта Шәмші Қалдаяқов ауылында 2010 жылы туылған 9 сынып оқушысының асылған түрде денесі табылды. Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде”,- делінген хабарламада. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар