Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақбөкен атуға тағы да тыйым салынды

09:45, 12 ақпан 2024 423
Бүгіннен бастап Қазақстанда киіктің популяциясын реттеу тоқтатылды. Бұл туралы 10 ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжіліс алаңында мәлімдеді.

Министр мұндай шешімнің отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, талқылаудан кейін қабылданғанын түсіндірді.
«Қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық», – деді Ерлан Нысанбаев.

Ол Қазақстанда реликттік бөкен популяциясының жаңадан көбеюі күтілетінін айтты.
«Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40 пайызға өсті деп айта аламын. Жалпы, төлдеу кезінде, есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5 – 2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар, киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30 пайызды құраса, тағы да плюс шамамен 700 – 750 мың бас болады деп күтеміз», – деді министр.

Министр Нысанбаев 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз екенін ескертті.

Фото: pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар