ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсы петицияны қарауға қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz сайты.
«Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» атты петиция «E-Petition.kz» ресми порталында 29 мамыр күні жарияланған. Бүгінде аталған петициямен 212743 адам танысып, үндеуге қарсы қажетті 50 мың қол жиналған.
«Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады. ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады, делінген хабарламада.
Аталған үндеуде бір жынысты қатынастар ашық түрде жан жақтан насихатталып жатқаны, бұл дәстүрлі отбасылық құндылықтарға қайшы келетіні айтылған.