Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде полицей өз үйінде өлі күйінде табылды

11:58, 27 наурыз 2025 383

Ақтөбеде өз үйінде полицей қызметкері қайтыс болды. Трагедияның себептері әзірге белгісіз, деп хабарлайды Alash.KZ.

Қайтыс болған полицей Алтын Орда шағын ауданында тұрған. Оның мәйіті үйінде, зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Ақпаратты Ақтөбе облысы полиция департаменті растады.

«Тұрғылықты жерінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылды. Ол операциядан кейін емделіп жатқан болатын», — деп хабарлады департаменттің өкілдері редакцияға.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Қайтыс болған полицейдің жақындары мен әріптестері марқұмның жақсы адам және қызметінде абыройлы болғанын атап өтуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар