Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Арал - Америка үшін өте маңызды". Америка ғалымы Арал теңізінің қасіреті жайлы кітап жазуға кірісті

09:34, 15 маусым 2024 746

Арнасы кеміп, өрісі тарылған Арал теңізі жайлы зерттеу жүргізіп жатқан америкалық ғалым кітап жазуды қолға алды. Ол бұл мақсатта Қазақстан мен Өзбекстанға келіп, теңіздің проблемасын тереңінен қарастырмақ, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы 24kz-ке сілтеп. 

Сара Кэмерон Қазақстан мен Өзбекстанға арнайы баруды мақсат етіп отыр. Бұған дейін қазақ даласындағы ашаршылықты зерттеген ол «Ашаршылық жайлаған дала» атты кітабын жарыққа шығарған болатын. 

«Мысалы химиялық, физикалық жағынан еңбектер болғанымен, табиғи дағдарыс аймақтағы адамдарға қалай әсер еткені туралы бізде толық түсінік жоқ», - дейді ғалым.

Қазақстанда бірнеше мәрте болған профессор: «Бір теңіздің екі жағалауының жағдайын көру тарихтың ең қызықты аспектілерінің бірі», дейді. Өзбекстан жағында су 1960 жылдары тартылса, Қазақстанда он жыл кейін тартылған. Бұның себептері әртүрлі. Жалпы Арал тақырыбында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. Сонымен қатар, Сара Кэмерон Арал теңізінің проблемасын сан қырынан сараптауды жөн санайды:

- Мен тұрғындардың көрген қасіретіне ғана емес, сол жерде өмір сүруге тырысқан әңгімелеріне назар аударғым келеді. Мені сол жердегі адамдардың ауызбіршілігі таңғалдырды. Халықтың дені тұрып жатқан қалаларын жақсы көреді, сонда қалғылары келеді. Туып өскен жері, ата-бабасының мекені олар үшін маңызды. Кітабымда жазғым келетін бір мәселе осы. Кейбіреулер жергілікті халықты апат аймағынан көшіріп тастайық деуі мүмкін. Бірақ бұл көзқарас дұрыс емес деп ойлаймын. Тұрғындар не қалайтынын білу керек. Жалпы аймақтағы миграция мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Қанша адамның қайда және қашан көшкені туралы мәліметтерді архивтерден жинауға тырыстым. Жалпы Арал тарихы америкалық аудитория үшін өте қызықты және маңызды,- дейді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар