Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Асхат Аймағамбет референдумға отбасысымен қатысты

11:32, 06 қазан 2024 320
Мәжіліс депутаты Асхат Аймахамбетов референдумға отбасымен
қатықаны туралы өзінің жеке парақшасына жазды деп хабарлайды Alash.kz . 
"Отбасымызбен референдумға қатыстық.
Мен үшін бес жасар ұлыма дауыс берудің қалай өтетінін көрсету маңызды еді.
Оның біздің әрбір қадамымызға деген балалық қызығушылығы мен ынтасы ойландырды: болашақ – біз бүгін не үшін дауыс беріп жатқанымызға ғана байланысты емес, балаларымызды осы процеске қалай баулитынымызда, қандай құндылықтар беретінімізде. Дауыс беру – жай ғана әрекет емес, бұл жауапкершілік пен қатысу мәдениеті.
Біз қатысу мәдениетін, саяси мәдениетті дамыту туралы жиі айтамыз, ал саяси мәдениет осындай дауыс беру рәсіміне қатысу арқылы қалыптасады.
Дауысқа шығарылған сұрақпен келісу-келіспеуімізге қарамастан, біздің қатысуымыз, дауыс беру учаскесіне барып, дауыс беруіміз – бұл тек біздің құқығымыз ғана емес, ол біздің күшіміз екенін түсінгеніміз абзал."
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?