Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскердегі өлім: Жалғыз ұлынан айырылған әке қазақстандықтарға шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

09:47, 12 қыркүйек 2024 3972

Маңғыстаулық сарбаздың ата-анасы жалғыз ұлдарын ақтық сапарға шығарып салды. Марқұм Марат Баркұловтың әкесі қабір басында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Азаттық рухының ақпаратына сәйкес, әкесі баласының әскерге қуанышпен кеткенін, бірақ оның жарты жыл қызмет етпей-ақ, жер қойнына түскенін айтып, ашынды.

«Бұл Қорғаныс министрінің, орынбасарлардың, бүкіл басшылықтың, Батыс округінің бас қолбасшысының жұмысының нәтижесі. Бұл не адамгершілікке, не заңға қайшы дүние. Оқ атқан адамнан бастап, ел әскеріндегі тәртіпсіздікке жауапты адамдардың бәрін жазалау керек. Баланы әскерге жібердік, өзі қуана-қуана барды, міне, жарты жыл өтпей, жағдай осындай. Мен барша қазақстандықтарға, аналарға, әкелерге, ұлдарға, інілерге, аталар мен әжелерге үндеу жасаймын: балаларыңызды бассыздықтан сақтаңыздар», - деді марқұм Марат Баркұловтың әкесі.

Онымен бірге қабір басында блогер Дамир Кушеев те болды. Ол әкесіне көңіл айтты.

«Марат әскерге бақытты болашаққа үмітпен және сеніммен кетті, ал қайтып келгенде табытпен оралды. Баланың денесін алып келген әскерилер тіпті зиратқа дейін жетпеді. Олардың шұғыл істері пайда болып, командирмен бірге жоқ болып кетті. Қазір одан маңызды не болуы мүмкін? Бұл әскердің жас жігіттерге деген қатынасының көрсеткіші. «Отан алдындағы борыш» деген әдемі атау халықтың арасында көптен бері жағымсыз нәрсемен байланысты», - деп жазды блогер өз жазбасында.

Қайғылы оқиғаға Бас әскери прокуратура мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

Қазір сарбазды өлтірді деген күдікке ілінген адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша (ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі) жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар