Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана мен Алматы бюджет қаражатын игере алмай отыр – Жамаубаев

08:19, 14 наурыз 2023 330
 


Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биыл қаңтар-ақпандағы мемлекет қаржысының атқарылуы туралы есеп берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-пермьердің айтуынша, мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге, ал республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кіріс түскен.

«Кірістер бойынша жоспар 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кірістер – 20 млрд теңгеге асыра орындалды. Салықтар бойынша жоспар 8 млрд теңгеге орындалмады», - деді министр Үкімет отырысында.

Жамаубаевтың айтуынша, республикалық бюджет бойынша 3,4 трлн теңге сомасына шығыс жүргізілді.
 

Атқарылмау 123 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 22 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 101 млрд теңге. Ең көп игермеген – Ішкi iстер, Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде, - деді Ерұлан Жамаубаев.

 

Игерілмеудің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасуы; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығысы – 1,3 трлн теңге.

«Атқарылмағаны – 45 млрд теңге. Биыл өңірлерге 1,2 трлн теңге нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға дейін 56 млрд теңге бөлінген. Оның 80,1%-і игерілген. 11 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп игермеген: Астана және Алматы қалаларында, Павлодар және Абай облыстары.

Игерілмеудің негізгі себептері: қадағалау органдарының нұсқамалары, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау», - деді ведомство басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар