Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау ПД басшысы пара беруге күштеу айыбы бойынша ұсталды

04:28, 29 сәуір 2022 277
28 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Руслан ӘДІЛОВТІ ұстады. Бұл туралы Alash.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайыққа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ақ Жайық" ақпарат көзі хабарлағандай, 27 сәуірде Руслан Әділов ағасымен бірге ҚР аумағынан тысқары шығу қаупі төнген Молдова Республикасының азаматын Атырау қалалық сотының судьясына пара беруге айдап салған. Рекрутингтік агенттіктің директоры 6 мың доллар көлеміндегі параны полковник Әділовке берген, бірақ ағайындылар ақшаны судьяға бермей, өздеріне қалдырған. ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-тармағы, 367-бабының 3-тармағы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беруге айдап салу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар