Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда анасы мен баласы тірідей өртеніп кетті: Атасы мен немересі күйікпен ауруханада жатыр

15:24, 11 қараша 2024 880

Атырау облысында жеке үйде болған өрттен екі адам қаза тапты. Тағы екі адам зардап шегіп, қазір аудандық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға 11 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында орын алған.

Өрт 72 шаршы метр аумақты алып жатқан тұрғын үйдің қосымша құрылысынан шыққан. Өрт кезінде 66 жастағы ана мен оның 35 жастағы ұлы қаза тапты.

58 жастағы ер адам екі қолынан күйік алып, 5 жастағы немересі түтіннен улану белгілерімен аудандық ауруханаға жатқызылды.

“Өрт 5:52-де ауыздықталып, толықтай 6:30-да сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Атырау облысы Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің тоғыз қызметкері, екі техника бірлігі және «GRWORLD» ЖШС-нен үш адам мен бір техника бірлігі жұмылдырылды”, – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар