Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айдос Садықовты атқан күдіктілер туралы не белгілі? – ІІМ жауап берді

09:22, 27 маусым 2024 597

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Айдос Садықовқа шабуыл жасаған күдіктілерге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

"Күдікті Жақанбаев тергеу органдарына өзі берілді ме?", - деп сұрады БАҚ өкілдері.

Садықовтың сөзінше, тергеу амалдары әлі де жүріп жатыр. 

"Арнайы прокурорлар осы іспен айналысып отыр. Ішкі істер министрлігі қазір жедел іздестіру қызметімен айналысып жатыр. Ал екінші күдікті Мейрам Қаратаевты іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деп жауап берді Қожаев.

Еске салайық, 18 маусымда Киевте "БАСЕ" басылымының басшысы Айдос Садықовқа қастандық жасалған болатын.

Бұл туралы украиналық БАҚ-тар хабарлай бастады деп жазды  Dalanews.kz.

"Алдын ала болжам бойынша, Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалды. Ол - қазақстандық журналист, "БАСЕ" оппозициялық интернет порталының басшысы. Жағдайы ауыр", - деп жазылған "БАЙРАКТАР NEWS" телеграм арнасында. 

Бұған дейін телеграм арна Киевтің Шевченский ауданында атыс болғанын жазған. Басылым мәліметінше, тұрақта тұрған көлікте ер адам әйелімен отырған. Белгісіз біреу келіп, ер адамды атып жіберіп, қашып кеткен. Әйел адам жарақат алмаған.

Айдос Садықов Украинада ресми босқын мәртебесін алған. Ал 2023 жылдың қазан айында Садықовқа Қазақстанда "әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны" үшін іздеу жарияланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар