Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азия чемпионы атанған Айбота. Ташкентке барған қазақ қызы бас жүлдені қанжығалады

16:56, 04 мамыр 2024 872

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия біріншілігінде чемпион атанды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы S-sport телеграм каналына сілтеп. 

Қазақстандық спортшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады. 

Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншілеген.

Айта кетейік, Ертайқызы доппен жаттығуда екінші, шеңбермен жаттығуда үшінші нәтиже көрсетті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар