Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаларды қылқындырып, артынша соққыға жыққан балабақша қызметкерінің сұмдық видеосы тарады

09:02, 16 мамыр 2024 407

Жетісу облысындағы балабақшалардың бірінде сұмдық жағдай орын алды.

Балабақшаның бірнеше қызметкері 2-4 жас аралығындағы балаларды төсекке жатқызбақшы болған. Тәрбиешілер оларды қатты итеріп, шапалақпен ұрған.

Оқиға Панфилов ауданындағы Головацкий ауылында болған. 

Панфилов ауданы әкімдігі қызметтік тексеру ұйымдастыру үшін балалар мекемесінің 10 күнге жабылғанын хабарлады. Полиция да тергеуді бастаған.

"Балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылды, қазір полиция бөлімінде қажетті сараптамалар тағайындалды. А. және Г. есімді тәрбиешілер жұмыстан босатылды. Іс полицияның бақылауында”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар