Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Берілген үйді қанаған тұтпайды. Қалауы – Алматының жақсы ауданынан үй алу». Журналист әнші Нұрғали Нүсіпжанов жайлы дерек бөлісті

21:00, 30 тамыз 2024 6070

Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты әншіні қолдап, желіде біраз азамат жазба жарияланған болатын. Ал журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған постын өшіргенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ozgeris.Info порталына сілтеп.

Журналист әнші Нұрғали Нүсіпжановтың кемшілігін айтып өтті.

«Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы ауданынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар