Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бес сағат таяқ жеген. Сайранға ағып өлгім келеді: Әнарудың адвокаты сұмдық деректермен бөлісті

20:09, 10 қыркүйек 2024 851

Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы зорлау фактісі бойынша Алмалы полиция департаментіне барып арыз жазған. Бұл туралы оның қазіргі таңдағы адвокаты Ләззат Ахтанова баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"2018 жылы оқиғадан 2-3 ай өткен соң есін жиып, арыз жазған. Алмалы полиция басқармасына барып, алдап арбап шақырғаны және су берген соң есін жоғалтып, оянғанда өзінің зорланғанын білгенін айтқан. Бірақ полиция қызды бір күнге қамап қойыпты. Күйзелісте жүрген қыз қорыққан. Кейін қамаудан шығарып, арызыңды алып кет депті. Сосын Жанқош одан кешірім сұрап, алдап-арбауын басталған. “Мен сенімен бірге боламын, сені жақсы көремін” деген сияқты сөздер айтыпты. Барлық дәлелдері тұр", – дейді адвокат.

Ләззат Ахатованың айтуынша, Әнару Жанқош Тұраровтан “кетемін” деген сәтте басына түрлі жағдай орын алатын көрінеді. 

"Бір кезде ол байланысын үзу үшін Ақтауға, Астанаға да кетіп қалған. Жанқош оның артынан барған. Алты жылы солай өткен. 2023-те қарым-қатынасты үземін деген кезде, Әнаруды көшеде белгісіз  полиция киіміндегі адам машинаға салып алып кетеді. Жетісу аудандық полициясына апарып ұрып-соғады. Бес сағат тоқтаусыз таяқ жеген. Денесін электрошокермен күйдірген. Физикалық тұрғыда күш көрсетілген. Содан бір күн бұрын, Жанқошпен сөйлескен екен", – дейді адвокат.

Әнару Құрманәлінің таяқ жеген фотосы 

Ләззат Ахатованың айтуынша, Қонаевта орын алған зорлау әрекетіне де Жанқош Тұраровтың қатысы болуы мүмкін.

"Осыдан 3-4 ай бұрын қоштасамыз деген де, Қонаевта зорлық фактісі орын алды. Байланысты үземін деген кезде күш көрсету де, қылмыста орын алады"- дейді ол. 

Адвокаттың айтуынша, Жанқош Тұраров тергеу кезінде заңсыздықтарға жол берген.

"Әуезов аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне шағым білдірдім. Беттестіру хаттамасы 20-ы тамыз күні өткен. Әнаруға қысым жасалған. Тергеу амалы жүретінін айтпаған. Полицияға келсе Жанқош Тұраров екі адвокатымен тұрған. 2018-ден бері зорланғанын дәлелдей алмай жүрген қызға кәдімгідей қысым көрсетілген. Тиісті органдарға шағым бердік. Прокуратураға бердік. Үш күн күтеміз. Жауап болмаса, тергеу сотына беремін. Әнаруға 25-30 сұрақ қойылған, Жанқош Тұраровқа бір сұрақ қойылған. Тек бір жақты жәбірленушіге қысым көрсетіп сұрақ қоя берген. “Сені зорлаған жоқ қой”, “өз еркіңмен болдың ғой” деп оны көндіруге тырысқан. Тергеу амалы заңсыз жүргізілген "- деп ашық айтты адвокат. 

Қорғаушының айтуынша, Әнару Құрманәлі республикалық арналарға берген сұхбаттан соң, өз-өзіне қол салмақ болған. 

"Қазір Әнаруға сұхбатқа да рұқсат бермей қорғап отырмыз. Шынында өте ауыр тиіп жатыр. Кімге болса да ауыр тиетін жағдай. Кейде сұхбат бергеннен кейін, Сайранға ағып өлгім келді деп айтып қалады. Өз-өзіне қол салуды ойлаған. Қазір мықты. Жанымнан тастамауға тырысамын. Әкесі де, ағасы Әнасыл күніне бірнеше рет хабарласады", – дейді адвокат. 

Ләззат Ахатованың айтуынша, Жанқош Тұраров ортаға адам салып, әкесі Қалдыбек Құрманәліден кешірім сұрамақ болған. 

"Ағадан сұрап едім “мен оны әлі көрген жоқпын, ортаға бір кісіні салып шықты” деді. Хабарласқан адамға ашуланып жауап берген. Қалдыбек Құрманәліге анық-қанығын білуге хабарласып едім. Былай қысқа қайырды: "Соңына дейін барамыз. Болмаса, халықаралық ұйымдарға шығамыз. Қыздың тағдыры ойыншық емес”, – дейді адвокат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар