Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгіннен бастап бүкіл Қазақстан Қызылорда уақытына көшті. Пайдасы мен зияны бар ма?

12:32, 01 наурыз 2024 376

Бүгін, яғни 2024 жылдың 1 наурызынан бастап еліміз "Бір ел – бір сағат" қағидасына ауысты.Жалпы, әлемде 175 ел стандартты бір сағатқа бағынады.

Ал ең көп уақыт белдеуі бар мемлекет – Ресей. Ол жақ 11 түрлі уақыт белдеуімен жүреді, деп хабарлайды alash.kz сайты inbusiness.kz сілтеп.

Бірыңғай уақытқа көшуге келгенде қазақстандықтардың пікірі қақ жарылады. Бірі экономикалық тұрғыдан ұтыламыз десе, енді екіншісі "ұлт саулығын бәрінен жоғары қоюымыз керек" деген пікірде.

Журналист Нұрлат Байгенже уақыт белдеуі мәселесінде "Қазақстанның қадамы қолайлы ма?" деген сауалға жауап іздейді.

– 2023 жылдың сәуірінде Сауда және интеграция министрлігі жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оның құрамына В.Фесенков атындағы Астрофизика институты, Генетика және физиология институты, География және су қауіпсіздігі институты, М.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, Парламент депутаттары, қоғам белсенділері еніп, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейтінін айтып, денсаулыққа теріс әсер ететінін анықтады (Қазақстан UTC+5 және UTC+6 уақыт белдеуін қолданады). Енді сарапшылар ағзаның биологиялық сағаттарын сақтау үшін бүкіл ел бойынша UTC+5 бірыңғай уақытына көшуді ұсынды, – дейді ол.

Шыны керек, қазақстандықтар елдегі уақыт белдеуінің әркелкілігіне көбіне пойыз бен ұшақтан қалып қойғанда наразы болады. Осы күні Қазақстанның батысындағы 4 облыс және Қызылордада бір уақыт, өзге облыс тұрғындары бір уақытты пайдаланып келеді.

– Қолданбалы хронобиология бойынша маман, қоғам белсендісі Болат Нұрхожаевтың сөзінше, ғылыми консенсусқа сай, уақыт белдеулерін барынша тиімді пайдалану керек. Елдің барлық аймағы UTC+5 бірыңғай уақытына көшуі ұтымды шешім болды. Қысқасы, 1 наурыздан бастап ел батысындағы өңірлер мен Қызылорда облысы қолданатын UTC+5 уақыт белдеуімен барлығымыз жүретін боламыз. Бәлкім, алдағы уақытта жазғы уақытқа ауысатын шығармыз, – деп түйіндеді сөзін журналист.

2018 жылы 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған тұста Қызылорда облысында сағат 00:00-де жергілікті уақыт бір сағат артқа жылжытылған еді. Сонда сағат тілін 1 сағат кері емес, алға 23 сағат жылжытуды ұсынғандар болды. Себебі, "сағат тілін кері бұруға болмайды" деген қағида ел ішінде болса керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар