Қылмыстық ортада "Леха Семипалатинск" деген атпен танымал 66 жастағы қазақстандық ұры Айтқали Маймұшев Ресейдегі түрмеде асылып өлген күйі табылды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, – деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты Prime Crime Telegram-каналы таратты. Айтқали Маймұшев жазасын Карелия Республикасындағы Надвоицы ауылындағы түзеу колониясында өтегені белгілі.
2023 жылдың шілдесінде Маймұшевті Мәскеу қалалық соты қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды ("вор в законе" деп аталатын) және есірткі саудасы үшін кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.