Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл - 30 жылғы жемқорлықтың жемісі. Зардап шеккендердің шығынын өтеуге 22 млн теңге жетпейді" - депутат

17:16, 06 сәуір 2024 1314

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Базарбек Бакытжан су тасқынынан болған шығындарды өтеуге жұмсаталын 22 млн теңгеге қатысты пікір білдірді. Сонымет қатар, қазіргі елде жарияланған төтенше жағдайдың басты себебі жемқорлық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бұл қаржы жетпейді. Еш жетпейді. Министр мәселені тереңінен ойлансын! Адамдар баспанасыз қалды, мал-мүліксіз қалды. Мазасы кетті. Қазір бюджетті емес, елді ойлау керек. Халыққа қазір не керегін жақсы білемін. Бұл 30 жылдағы тамырын жайған жемқорлықтың салдары. Қазір соның демісін жеп жатырмыз. Қазір табиғатқа бар кінәні арта салып жатыр. Ауа райының жайы белгілі. Африкада да осындай ауа райы бар. Бізге ауа райымен емес, жемқорлықпен күресу керек, - деді депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар