Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл сандырақ": сарапшы бүкіл Қазақстанды бір уақыт белдеуіне көшіруді сынады

09:20, 01 шілде 2024 1184

Медицина психологы әрі PhD-кандидат Евгений Ян Қазақстандағы уақытты ауыстыру логикасын сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Сарапшы осынау "инновациялардан" ешқандай логиканы көрмейді.

"Ғалымдардың бірі бұл мәселе бойынша 800-ден астам ғылыми еңбектері бар екенін айтты. Сіз мені кешіресіз, мен қазіргі сөзбен айтамын, бірақ бұл "кринж” (сандырақ), – деді ол мәселені талқылау кезінде. 

1 наурыздан бастап Қазақстанның кейбір өңірлері жаңа уақытқа ауыстырылды. Қазір бүкіл ел бір уақыт белдеуінде.

Ресми мәлімдемелерден аударма бастамашылары – қазақстандықтардың өздері, ал мемлекеттік органдар "халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаттарына сәйкес халықтың талабын орындағандай болады. Бірақ бұл өзгеріске қарсылар көп. Тіпті петиция жазғандар бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар