Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұрын монополия болған". Көлікті утилизациялау бағдарламасын нақты кім қадағалайды?

12:01, 29 наурыз 2024 288

Қазақстанда көлікті утилизациялау бағдарламасын нақты кім қадағалайды? Бұл сұрақ әлі де ашық күйінде қалып отыр. Ал министрлер әлі күнге дейін атышулы жобаны жүзеге асыруда  жауапкершілікті бір-біріне арта салуды жалғастыруда.

Еске салсақ, күні кеше Мәжілісте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бұл саланы дамыту мәселесімен экология және табиғи ресурстар министрлігі айналысып жатыр деген. Ал бүгін жауыр болған тақырыпқа қатысты еліміздің бас экологы пікір білдірді.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, "Оператор РОП" компаниясы мемлекет меншігіне берілгеннен кейін, Қарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдеу зауыты мен Қостанайдағы ауыл шаруашылық техникасын өңдеу зауыты да мемлекет қарамағына өткізілген. Қазір құр тұрған қос зауыт қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құзырында екен. Экология министрі жақын арада оның тағдыры шешілетініне сенім білдіріп, утилизация процесін жекенің қолында қалдыруға ниеттi екенiн де айтты.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев:

"Бұрын монополия болған. Қайта өңдеумен бір ғана компания айналысты. Бүгінде біз нарықты зерттеп, тиісті өзгерістер енгіздік. Рұқсаты бар кәсіпорындар утилизациялаумен айналыса алады. Елімізде 196 кәсіпорын бар. Бірақ бұл бағытта бәрі бірдей жұмыс істемеуі де мүмкін. Десек те, біз бәрін нарыққа шығарамыз. Яғни әрбір өңірде бизнес дамып, көліктің осы түрлерін кәдеге жаратумен айналыса алады".


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?