Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов "Бірқатар облыстардағы жерлер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке, Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа және Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеевке тиесілі және мұны жұрттың бәрі айтуға қорқады", деді .
– Өскеменге барсаңыз, Даниал Ахметовтің, Павлодардағы Бақауовтың, Астананың маңындағы Шөкеевтің жерлері бар. Барлығы бұл туралы айтуға қорқады, – деп ашуланды Дүйсембинов Мәжілістің жалпы отырысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жердің пайдаланылуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде.
Ол мемлекетке қайтарылған жер телімдері туралы ақпараттың дұрыстығына күмән келтірді.
– Адамдар ашулы, жайылым таба алмай жүр. Әдемі репортаж жасауды қойып, ақыры жағдайды өз қолыңызға алмақшы болсаңыз, неге жер иелерінің аты-жөнін айтуға ұяласыз?
Қай өңірге барсаңыз да, сол жақтағы да, оң жақтағы да жерлер әкімдікі. Қайтарылған жерлер жоқ. Қарапайым халыққа, егіншілерге, мал ұстайтындарға жайылым жер керек. Бірақ байлар өз орындарында отыр. Бұл жерлерге иелік ететіндердің тізімін жариялауыңызға кім кедергі болып отыр? – деді Дүйсембинов.