Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәретханада ауыр соққының кесірінен көз жұмған оқушының жақындары маңызды жайтпен бөлісті

15:17, 02 мамыр 2024 5249

Даладағы дәретханадан табылған өлі күйінде табылған оқушының жақындары әділ жаза күтуде. Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте 8-сынып оқушысы әлімжеттік құрбаны болғаны туралы ақпарат құралдары мен желіге тарап кетті. Бұл туралы Qaz365.kz марқұмның жақындарына хабарласты. 

Қайғылы оқиға 30 сәуірде болған. Ауылдағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы, 2010 жылы туған Мирас Мәлік белгісіз себептерге байланысты көз жұмған. Алғашында полиция, мектеп қызметкерлері бала өздігінен дәретханада құлап көз жұмды деген. Алайда кейін сот-медициналық сараптамасы соққыдан көз жұмғанын көрсеткен. Осыған қатысты марқұмның туыстары тергеу әділ өтуін сұрап, ҚР Президентінің әкімшілігінің басшысы Айдос Дәдебаевқа, Бас прокурор Берік Асыловқа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке хат жазды.

«Оқиға болған бірінші күні кіші дәрет сындырып тұрып, әжетханада қайтыс болған деп айтты. Осыдан соң, сот-медициналық сараптамаға алып кетті. Одан кейін мәйіті үйге жеткізілді. Мектеп директоры, аудандық ішкі істер тергеу бөліміндегілердің айтуынша, өздігінен дәретханада көз жұмды деп отыр. Біз оған сенген жоқпыз. Кешкісін Мираспен (қайтыс болған баланың есімі) жасты балалардан сұрап бастағанымызда, ауыр соққыдан құлағанын айтты. Ситуацияны балалар ашық жеткізді. Тоғызыншы сынып оқушылары бір күн бұрын болған жиналысқа келмегені үшін ұрып өлтірген деді. Екінші күні қайтадан сот-медициналық сараптамасын жасадық. Екеуінде де кеуде тұсынан ұрып, жүректен келетін күретамыр жарылып кеткенін көрсетті. Бірінші күні сараптама болғанда ішкі істер бөлімінен келіп, не болғанын ешкім келіп сұрамады. Нақтылау сұрақтарын жасамаған. Біз бірінші күні түнде барғанымызда ішкі істер тергеушілері: «өздігінен қайтыс болды, соққы жасалса гематом із қалады» деген. Оқушылармен сауалнама жүргізгенін, ешқандай әлімжеттік болмағанын айтқан», - дейді ағасы Олжас Сейітқадыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар