Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қайтадан сотқа тартылатын болды

11:47, 18 қазан 2024 507

Алматы қалалық сотының мәліметінше, Нұрасыл Болатқа қатысты материалдар сотқа келіп түсті, деп жазады Alash.KZ.

Қазіргі уақытта материалдар сотта тіркеліп жатқандықтан, қарау мерзімі әлі белгіленген жоқ. 

Жақында депутат Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығынан шектелген ұлы тойда көзге түскен еді.

Айта кетейік, 2023 жылы ақпан айында Нұрасыл Болат заңгер Анна Димитриевич пен күйеуі Олег Чернов екеуін соққыға жыққан.

Көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді. Алайда жақында ғана депутаттың ұлының түнде көшеде жүрген видеосы тараған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?