Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутаттың міндеті сұрақ қою ма, заң шығару ма?

06:19, 25 қаңтар 2023 232




Ақын-жазушы, журналистерін депутат жасайтын жағыз мемлекет біз шығармыз. Менің түсінігімде, депутат ең алдымен заңгер болуы керек. Содан кейін экономист болса, артық етпейді.



Депутаттың қызметі не? Заң шығару. Ал біздің парламенттегі ағайлардың көбінің заң шығарумен айналысатындай сауаты жоқ-ау. Олар әдемі теңеумен, жұрттың көңіліне ұнайтын қызыл сөздермен көпіртіп тұрып сұрақ қоя алатындар. Болды. Басқа қабілеттерін көрген жоқпыз! Ондай сұрақты микорфон көтеріп жүгіріп жүрген біздің тілшілер де қоя алады, қойып та жүр.



Қазақ "Шымшық сойса да, қасапшы сойсын" деуші ме еді? Бұл сөзді әркім әртүрлі қолданып жүр. Жалпы, түйіні бір. Ендеше, заң шығаратын қызметте неге заңгерлер отырмасқа? Популистерге басқа алаң да табылар еді ғой. Мысалы, Назарбаевтардың жылжымайтын мүлкі туралы айтып, ҚазҰУ-дың жерін қайтарумен айналысқан, жерге қатысты от пен соттардың жуан ортасында жүретін бір адвокат бар, Бақытжан Базарбек деген. Парламентке сондай жігіттердің барғаны анау ақшадан басқаны білмейтін ашкөз кәсіпкерлердің отырғанынан мың есе артық.



Бақытжан Базарбекті өмірде көрген адамым емес, бірақ әркім сәуегейлік танытып "бес тиындарын" қосып жатқанда, ең бірінші болып осы жігіт есіме түссін. Айналысқан істері де кәкір-шүкір емес. Әділетсіздіктердің ең-ең жуандарымен күреседі. Мұндай батыл, адвокат ретінде білікті, заңды оқып-тоқып алған, ең бастысы, шындыққа жаны жақын азаматтың парламентке барғанынан зиян шекпес едік! Тым құрыса, Бақытжан сияқты заң білетін бір-екі білікті маманды апарып, мәжілісті бір ет-бір май жасайық. Әйтпесе, одақ па, тойхана ма болып кетеді.

Жарас Кемелжан

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар