Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа тағайындаулар: жаңа ұжым, жаңа басшы

08:56, 23 қаңтар 2023 200

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыдағы сапары кезінде жуырда ғана қайта құрылған "Қазақ газеттерінің" ұжымымен кездесті.




«Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» ЖШС-ның біріктірілген болатын. Сөйтіп, «Қазақ газеттері» деп аталатын құрылым өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты.



Ал жаңадан құрылған жаңа құрылым жаңа ғимаратта жұмысын бастады. Ұжым қызметкерлерінің жалақысы, қаламақы және сыйақысы өсті. Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстардың көп екені анық.



Сөйтіп, бұдан былай «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары бір шаңырақтың астында қызмет істейді.

Ал екі ұжымның бірігуіне орай "Қазақ газеттерінің" Бас директоры болып академик Дихан Қамзабекұлы тағайындалды. Белгілі журналист Думан Анаш «Қазақ газеттері" бас директордың орынбасары әрі Алматы филиалының басшысы болып бекітілді. Ақын Ерлан Жүніс "Ана тілі" газетінің бас редакторы болса, Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалды.



Ұзақ жыл журналистика саласында өнімді қызмет еткен, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шамшидин Паттеев өз еркімен жұмыстан босады. Бұған дейін Ана тілі газетінің Бас редакторы қызметін атқарған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Қали Сәрсенбай да өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды.





Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар