Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

eGov.kz басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

15:41, 01 наурыз 2024 447

Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Осыған байланысты басқарма басшысы ел тұрғындарынан кешірім сұрады.

«Біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ контурындағы 64 ақпараттық жүйе орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверлер бойынша (eGov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, e-license порталы, «Е-Нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, «Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі», «e-Otinish» электронды үндеу қызметі және т.б. ақпараттық жүйелер) жаңартулар жүргіздік», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмыстарды жүргізді.

«Жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді. «Цифрлық құжаттар» сервисінде деректердің дұрыс көрсетілмеуінің жеке жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта біз барлық қажетті жұмысты жүргізіп жатырмыз және ағымдағы деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар