Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі ортада рақымшылық жасау жайлы өтініш жоғалды. Комиссия Кәрім Мәсімовтен мұндай өтініш келмегенін хабарлады

13:49, 13 маусым 2024 515

ҚР президенті жанындағы Рақымшылық жасау комиссиясының мүшелері мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің өтінішін келмегенін растады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Комиссиясының мүшелері Кәрім Мәсімовтің өтінішін келмегенін айтады: 

"Ондай ақпарат жоқ (Кәрім Мәсімовтің өтініші – Автор), мен бұл туралы білмеймін", – деді Андрей Лукин Сенат отырысында Informburo.kz тілшісіне.   

Редакцияның ресми сауалына комиссияның тағы бір мүшесі, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жауап берді. ОЛ сотталғанның өтініші оған да келмегенін хабарлады. 

Ескерте кетейік, комиссия құрамында Лукин мен Ластаевтан басқа тағы жеті адам бар.

Еске сала отырайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің наурыз айында рақымшылық жасау туралы өтініш жазғанын хабарлаған еді. Қазір ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар