Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еліміздің бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

02:44, 06 желтоқсан 2022 285


Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.



Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.



Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.



Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымдағы 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.



Бұған дейін хабарланғандай, 6 желтоқсанда Астанада бірінші ауысым оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?