Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елшілік қазақстандықтарға Ұлыбританияға бармауға кеңес берді

19:28, 06 тамыз 2024 342

Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елшілігі Ұлыбританияның бірқатар аймағына баруға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.KZ Halyq Uni сайтына сілтеп.

Елдегі бірқатар өңірде бірнеше күн бойы жаппай тәртіпсіздіктер болып, жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Ротерхэм, Болтон, Блэкпул, Халл, Бристоль, Сток-он-Трент, Белфаст, Манчестер, Ливерпуль қалаларының маңындағы қалаларға осы өңірлердегі жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша барудан бас тартуды ұсынды, деп мәлімдеді елшілік.

Қазіргі уақытта аталған елді мекендердегі қазақстандықтардан қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ елшілікпен байланыста болуды сұраймыз, – деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.

Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Ұлыбритания аумағындағы Қазақстан азаматтары мен олардың еліміздегі туыстары үшін шұғыл байланыс желілері бар. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің байланыс нөмірі +44 7900 511 535, электрондық поштасы: consul@kazembassy.org.uk.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар