Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмадым, оның қасында қырғыздар атақ берді - опера әншісі

18:24, 30 мамыр 2024 1809

Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы халқына ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы "Айқын" газетіне сілтеме жасап.

Өнер иесі Қырғыз Республикасы ұлттық консерваториясының “Құрметті профессоры” атағына ие болған. 

«Қырғыз Республикасы Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Еларалық форум әлемнің 52 елінен келген қонақтарды бей-жай қалдырмады. Бұл кездесу музыка саласында сенсация болды. Қырғызстан ұлттық консерватория ректоры әрі халық артисі композитор Мұратбек Бегалиев мырзаның әлемдік аренадағы беделі мен шақыруының арқасында ұмтылмас тарихи кештер өтіп жатыр», – дейді өнер иесі.

 Кезінде шетелден шақырту алса да, өз елінде қалуды жөн көргенін айтады.

«Мен Астана Шабыт академиясында бес жыл вокалдан сабақ беріп менің шәкірттерім халықаралық жүлделер алып жеңіспен оралғанда еңбегімді ешкім бағалаған емес. Сондағы алған жалақы 17 000 теңге. Күлкім келеді ойласам. Қайран уақыт пен сарқылған қуатың. Ал Қырғыз бауырлар Қырғызстан ұлттық консерваторияның профессор атағын баяғыда беріп қойған маған. Ал біздегі атақ жайлы ойлаудың өзі жаныңа батады. Халық әртісі атағы жаңғырған былтырғы марапатта маған неге берілмегенін айтпай-ақ қояйын. Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмай, бағалата алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады. «У вас все впереди» дейтіндерге айтарым, атаңның басы! ...Бәрін айт та бірін айт, Лариса Гергиевамен 30 жылдан соң кездескен бұл кеш талай өткенді еске салды. 1995 жылы Халықаралық Римский-Корсаков конкурсына қатысқан кезімде Лариса апамның «Мариинский театрға қалсаңызшы, Валерий Гергиев жаңа директор болды. Талантты жас әншілерді қолдайды» деген ұсынысына орысша білмегенім үшін жүрексініп, рақметімді айтып елге оралған болатынмын. Кеше апам соны айтып, «Ал енді не болды, сен сол кезде мені тыңдағаныңда осы күні қай жерде жүрер едің?» дегенде, жастық шақта істеген қатемді енді түсіндім, «Это судьба, Маэстро» дегеннен басқа сөз таппадым. Иә, тағдыр өз қолыңда. «Қасыңда дұрыс жол сілтеп, ақыл айтатын ұстазың болсын» дегім келеді жастарға!» – дейді опера әншісі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар