Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еркек болса, өзіме істер еді, балама немесе үйіме жасамас еді". Шерзаттың әкесі соңына дейін күресетінін хабарлады

13:11, 12 қазан 2024 2071

Шаңырағы өртке оранған Шерзат Болаттың әкесі БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, "Қандай да бір мемлекеттік органдар немесе басқа да әлдекімдердің тарапынан қысым жасалып жатқан жоқ па?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Massaget.kz порталы Шерзат Болаттың әкесімен тілдесті:

"Өзім үшін қорықпаймын, халық үшін, отбасым үшін қорқамын. Олар ер азамат болса, еркек деген намысы болса, келер еді. Өзіме істер еді, балама немесе үйіме жасамас еді. Біреудің қайғысында да біреуге ұпай керек болады. Жан-жақты ойлау керек. Қазір баса-көктеп, аспанға балтаны лақтырғаннан түк пайда таппаймын. Ақ-қарасы анықталып, кінәлілер жауап береді деген ниеттемін. Кінәлілер жауап бермесе, Алла Тағала бар. Болмаса, өмір домалақ қой. Тек құзырлы орган емес, жанымда жүрген жігіттер де, қайғыма ортақ болып жатқан халық та, ел де айдан анық көріп тұр ғой. Бір жағдай болса, ол жерде мен жауап беремін. Сол үшін мен кеткен жағдайда менің баламның шындығын шырылдайтын, бала-шағама, әке-шешеме қарайтын адам болмайды. Қолымнан келгенше соңына дейін күресемін", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар