Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлан Қарин отставкаға кетеді

17:25, 03 маусым 2022 269
 



Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған Ерлан Қарин отставкаға кетеді.

Бұл туралы «YEDILOV ONLINE» telegram-аранасы хабарлайды.
«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, референдумнан кейін Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы қызметінен кетеді. Лауазымның атауы мемлекеттік кеңесші болып өзгереді деп күтілуде» делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жоқ.

Еске салсақ, Қасіретті қаңтар кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы қызметінен Қырымбек Көшербаев отставкаға жіберіп, бұл лауазымға өзінің көмекшісі Ерлан Қаринді тағайындаған болатын.

Сонымен қатар, 31 қаңтар күні Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысының өкілеттігін өзгертті.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 жарлығына сәйкес, мемлекеттік хатшы келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  • 1) Қазақстан Республикасының президенті үшін ішкі саясат саласында стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;

  • 2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: Қазақстан Республикасының парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда;

  • 3) Әлеуметтік-гуманитарлық сала: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі; Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның; мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі; Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның; саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның; ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және жастар саясаты жөніндегі кеңестің;

  • 4) Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;

  • 5) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

  • 6) Қазақстан Республикасы парламентінің тапсырмасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.






Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар