Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыздардың пәктігіне көз тіккен шенеунік кім?

17:22, 03 маусым 2022 266
 



Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде Лисаков қаласы әкімшілігінің бұрынғы қызметкерінің 14 тәулікке сотталғанын хабарлады.
«Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бұрынғы басшысы Талғат Ғабдрахманов кәмелетке толмағандарды алкогольдік ішімдіктерге тартқаны үшін әкімшілік сотпен 14 тәулікке сотталды» деді құқық қорғаушы.

Еске салсақ, ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген.

Тергеушілердің мәліметінше, ер адам қыздармен интернет арқылы танысып, кездесуге шақырып, оларға тиіскен. Ол әңгіме кезінде өзінің нақты жасын және үйленгенін жасырып отырған. Күдіктінің баласы бар.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция басқа зардап шеккендерді іздестіріп жатыр.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар