Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еш зияны жоқ: Халық атом электр стансасының пайдасын білмейді - Бану Нұрғазиева

14:27, 28 мамыр 2024 530

Астанада өтіп жатқан «Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары» форумының екінші панельдік сессиясында спикерлер атом энергетикасының пайдасы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атом электр энергиясының тұрақты көзін қамтамасыз етудің жолы ғана емес, сонымен қатар, экономиканың сабақтас салаларын дамытудың қуатты катализаторы екенін атап өтті.

Атом электр стансасы сияқты ауқымды және білімді қажет ететін жобаны жүзеге асыру энергетиканың, құрылыстың, ғылымның және тағы басқа заманауи технологиялар сияқты салалардың дамуына септігі тиетіні айтылды.

«Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі тұрғындар арасында біраз күмән тудырады. Көбі оның артықшылықтарын біле бермейді. Өкінішке қарай, халық атом энергиясын енгізудің нақты экономикалық пайдасы жөнінде хабарсыз. Еліміздің кемел келешегін ойласақ, энергия тапшылығы мен энергияға тәуелділіктен арылу маңызды. Қисынды қадамдардың бірі — атом электр стансасын салу», — деді талқы барысында Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

Спикерлер атом электр стансаларының құрылысына қарсы шыққан жағдайда энергетика саласында үлкен нәтижеге жеткізу қиын екенін жеткізді.

«Өз басым нақты шешімге келдім: АЭС халыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Ол қоршаған ортаға да зияны жоқ. Бұған Алматы мен Курчатовтағы ғылыми-зерттеу реакторларының тәжірибесі дәлел», — деп атап өтті форум модераторы, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі Жақып Хайрушев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?